Халықаралық ынтымақтастық

Атырау энергетика және құрылыс колледжі өзінің оқу қызметінде халықаралық ынтымақтастыққа үлкен мән береді. Бұл бағыттағы жұмыс колледждің білім беру сапасын арттыру, студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту, инновациялық білім беру әдістерін енгізу және тәжірибе алмасу арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азия елдеріндегі серіктестіктер

Атырау энергетика және құрылыс колледжі Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі оқу орындарымен, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерімен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Оқу процесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында бірлескен жобалар мен іс-шаралар өткізу арқылы халықаралық байланыстар кеңейтілуде.

Колледж келесі оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан:

  • КМҚК “Кентау көпсалалы колледжі” (Түркістан облысы, Қазақстан);
  • №5 Кәсіптік лицей (Қырғыз Республикасының Білім Министрлігі);
  • Самарқанд облысының Жоғары білім, ғылым және инновациялар басқармасы (Өзбекстан Республикасы);
  • «Маңғыстау техникалық колледжі» (Ақтау қаласы);
  • «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» (Ақтау қаласы);
  • Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі (Маңғыстау облысы);
  • «Принтмедиа технологиялар колледжі» КМҚК (Алматы қаласы);
  • КМҚК «Алматы құрылыс-техникалық колледжі» (Алматы қаласы).
  • Қарағанды техника-құрылыс колледжі (Қарағанды қаласы);
  • КМҚК «Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі» (Қызылорда облысы);
  • «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» КМҚК (Жаңаөзен қаласы).

Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты нығайту шеңберінде, Атырау энергетика және құрылыс колледжі Ресейдің Ставрополь, Астрахань, Новгород қалаларындағы бірқатар оқу орындарымен тәжірибе алмасу, оқу жоспарларын үйлестіру, студенттер мен оқытушылар алмасу жөнінде шарттар жасасты.

Қазіргі таңда колледж келесі ресейлік оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан:

  • Ставрополь құрылыс колледжі
  • Невинномыский энергетикалық техникум
  • Ставрополь мемлекеттік политехникалық колледжі
  • Ставрополь аймақтық көпсалалы колледжі
  • Железноводск көркем сурет-құрылыс техникумы
  • “Интеграл” Курсавка өңірлік колледжі
  • Новгород химия-индустриалды техникумы
  • Старорусский агротехникалық колледжі

Халықаралық іс-шаралар мен алмасу

Атырау энергетика және құрылыс колледжі халықаралық ынтымақтастықтың бір бөлігін ретінде оқу орындарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруда, семинарлар, вебинарлар, дөңгелек үстелдер және конференциялар ұйымдастырады. Оқу орнының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері Ресейдің және Қазақстанның әртүрлі аймақтарында өткізілетін ғылыми іс-шараларға белсенді қатысады.

Оқытушылар мен шеберлердің қатысқан конференциялары мен вебинарлар ішінде ерекше назар аударуға тұрарлықтары:

  • «Кәсіптік білім беру сапасын бағалаудағы инновациялар: енгізу теориясы мен практикасы»
  • «Білім алушылардың кәсіптік білім беру сапасын тәуелсіз бағалаудың элементі ретінде еңбек қызметіне дайындығын бағалау жүйесі»
  • «Еңбек саласы және білім беру саласы: өзара іс-қимыл, проблемалар, оларды шешу тәсілдері мен мүмкіндіктері»
  • «Өңірлік экономика үшін кадрлар: сұранысқа ие мамандарды даярлау тәжірибесі, қазіргі заманғы кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жұмысшылар мен қызметшілер»

Колледж оқытушылары мен шеберлері Ресей мен Қазақстанның әртүрлі аймақтарында кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған көптеген оқу бағдарламалары мен жобаларға қатысады. Бұл бағдарламалар білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді енгізу, студенттердің халықаралық деңгейде тәжірибе алуына мүмкіндік жасау және озық технологиялар мен әдістемелерді қолдануға мүмкіндік береді.

Алдағы жоспарлар мен даму бағыты

Атырау энергетика және құрылыс колледжі халықаралық байланыстарды одан әрі дамыту мақсатында бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді:

  1. Студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыру: Шетелдік оқу орындары мен ғылыми орталықтармен тәжірибе алмасу бағдарламаларын кеңейту, студенттердің халықаралық стажировкаға қатысу мүмкіндіктерін арттыру.
  2. Ғылыми зерттеулер мен инновациялар: Оқу орындары мен ғылыми мекемелермен бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу, жаңа технологияларды енгізу арқылы білім сапасын арттыру.

Колледж өз жұмысында халықаралық әріптестікке ерекше назар аудара отырып, білім беру жүйесінің сапасын арттыру және студенттердің кәсіби дайындығын қамтамасыз ету үшін үздіксіз жұмыс істейді.