Педагогтердің акт құзыреттілігі педагогтеріне семинар-тренинг
2024 жылы 13 ақпан күні 50 жылдыққа орай колледжіміздің арнайы пән оқытушылары М.Н.Хайруллина және Э.С.Еркулова «ПЕДАГОГТЕРДІҢ АКТ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ» атты колледж педагогтеріне арналған семинар-тренинг өткізді. Мақсаты: оқытушылардың пәні бойынша сабақтарды ұйымдастыруға арналған заманауи бағдарламалық құралдарды қолдану бойынша АКТ құзыреттілігін қалыптастыру. Семинар нәтижеcі: педагогтің АКТ сауаттылығы және АКТ құзыреттілігі туралы түсінігін қалыптастырды; сабаққа арналған оқу материалдарын дайындау үшін мәтіндік редакторды пайдалану дағдыларын жетілдірді; PowerPoint бағдарламасының кең ауқымды мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сабаққа интербелсенді презентация әзірлеуді үйренді; цифрлық сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік туралы түсініктерін кеңейтті, компьютерде қауіпсіз жұмыс істеуге арналған бағдарламалардың мүмкіндіктерін білетін болады; Интернет желісінде жұмыс істеуді үйренді, білім берудегі әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері туралы мәлімет алды. Семинарға оқытушылар белсенді қатысып, алғыстарын білдірді.