Кітапхана

Кітапхана – ақпараттық білім ортасы

     Келешек жас мамандарды тәрбиелеп дәріс беріп отырған колледж дейтін болсақ, кітапхана колледждегі білім орталығы деп айта аламыз Қазіргі заман талабына сай студенттердің неғұрлым сапалы да, саналы білім алуына септігін тигізетін бірден-бір орын, оқу орнындағы кітапхана.Бүгінде кітапхана – кітап қорымен қамтамасыз ететін қоғамдық мәдени орталық, білім бұлағының көзі. Кітапхана қызметінің негізгі міндеттері кітап қорын  толықтыру мен оқытушылар мен студенттерге көмек ретінде  республикалық және  мерзімді басылымдармен қамтамасыз ету болып саналады.

Кітапхананың көлемі – 170 м2, оқу залының жалпы көлемі – 40 м2.. Кітапхананың оқу залы 16 орындықпен жабдықталған,  кітапхананың оқу залында 5 компьютер, 1 ноутбук   барлығы да  ғаламтор желісіне қосылған. Кітапхананың жалпы кітапхана қоры –34585 дана. Кітапхана қорына келіп түскен оқулықтар міндетті түрде тіркеу кітабына енгізіліп,өңделіп, оқырмандарға таныстырылып отырады. Мүлік кітабының саны – 4 дана, пәндерге арналған мүлік кітабы – 1 дана, жинақ кітапшасы -1дана.   Кітапханадағы оқу-әдістемелік әдебиеттер саны –15533 дана. Кітап қорының    37,5 %-арнаулы пән оқулықтары,  5,2 %-әдістемелік оқулықтар, 30%  -жалпы білім беру пәндері,  28 % –  көркем әдебиеттер құрайды. Кітапхана қорын толықтыру колледж кітапханасы «Фолиант», «Академия » баспасы арқылы  тапсырыс берумен  кітаптар жеткізіледі. Кітапханаға мекемеден сыйға тартқан кітаптармен де толықтырып отырады.

Кітапхана кітап мәртебесін көтерумен қатар кітапхана қорын жаңа ғылыми басылымдармен, республикалық және жергілікті газет-журналдармен жаңартып толықтырылып отырылады. Келіп түскен баспасөз басылымдарын насихаттауда ай сайын шолу өткізіліп тұрады.  Биылғы 2021-2022 оқу жылында колледж кітапханасына 276000 теңге көлемінде республикалық және жергілікті басылымдарға жазылу жүргізілді.

Кітапхана жұмысын Мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру (нұсқаулық-әдістемелік ұсыныстар және есептік түрлері) және ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Орта, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің кітапханаларына арналған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кітапханалық – библиографиялық жіктеуінің қысқартылған үлгісі (Әдістемелік құрал) кітапшаларын басшылыққа алып жұмыс жасап келеміз.

Қазіргі заманның дамуына байланысты кітапханаларды автоматтандыру жүзеге асып жатыр. Ақпараттық қорларды қолдану және дамыту қазіргі уақытта кітапханаларды дамытудың факторлары болып есептелінеді. Осы мақсатта колледж кітапханасының кітап қорын 2017 оқу жылынан бастап АИБС – MARK-SQL– «Автоматтандырылған –ақпараттық кітапханалар жүйесі» енгізілді.  Қазіргі  уақытта  АИБС «Автоматтандырылған-ақпараттық кітапханалар жүйесімен»   жұмыстануда.   Арнаулы пән және жалпы білім беретін пәндер бойынша 7230 кітап электрондық катологқа енгізілген.

Кітапхана қажетті есептеу-тіркеу және есептік құжаттанамаларды жүргізіп отырады. Кітаптар мен әдебиеттерге инвентарлық тіркеу жүргізіледі. Басқарудың негізгі формалары құжаттық қамсыздандыру, есептеу, есептік, кітапхана туралы ереже, штаттық кесте, кітапханашының қызметтік нұсқаулықтары жинақталды. Кітапхана оқу жылына жұмыс жоспарын құрастыруда  колледждің оқу- әдістемелік, тәрбие жұмыс жоспарын басшылыққа алады.

Оқу жылына  арналған кітапхана жұмыс жоспары мен кітапхана төлқұжаты тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарымен келісіліп, колледж директорының қолымен бекітіледі. Кітапханада  10 бөлімнен тұратын негізгі  «Қазақстан –нұрлы елім, Алтын ордам» атты тақырыпта кітап көрмесі жасақталды.   Атырау облыстық білім беру басқармасының тапсырмасымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы мен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік  білім беру бағдарламасын байланыстыра отырып, «Руханилықтың мөлдір бұлағы» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды.. Аталған іс-шараның мақсаты: рухани-адамгершілік білім беру идеяларын жастарға тарату.

 Сөреге қойылған кітаптарға тоқтайтын болсақ:

1.Қазақстандық және әлемдік ойшылдардың шығармалары    (Іляс Жансүгіров, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, ӘбуРайхан-Әз Баруни, Әбу Насыр-Әл Фараби)

  1. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның кітаптары                                                       «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша «Бөбек» орталығының әдістемелік құралдары, дискалар жинағы                                                 3. Педагог гуманистердің шығармалары

    Дулат Бабатайұлы, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайберді, Жүсіпбек Аймауытов, Шоқан Уалиханов, Мағжан Жұмабаев.

Кітапхананың жұмыс жоспарына сәйкес оқырмандардың рухани байлықтарын әдебиет оқу  арқылы  жеткізу  мақсатында еліміздің ақын- жазушыларынын шығармаларын насихаттауда түрлі тақырыптарға арналған  инновациялық- көпшілік шаралар, айтулы даталарға байланысты шаралар, жыл сайын жолданатын  Елбасы Жолдауын насихаттау жұмыстары   ұйымдастырылады

Колледж кітапханасы  № 8 қалалық орталықтандырылған кітапханамен келісім шарт негізінде тұрақты байланыста жұмыс жасап келеміз. Колледж кітапханасы топ жетекшілерімен бірлесе отырып,  жоспар бойынша тәрбие сағаттарын, дөңгелек үстел, ақпарат сағаты, құқықтық сабақ, әдеби музыкалық монтаж т.б. жұмыстарды жүргізіп келеді.

Ондағы мақсат: Жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға , еліміздің тарихы туралы түсінік беру және туған елін,жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіру.

Атап айтатын болсақ:  №12 топ студенттерімен  «Имандылық жүрекке ұяласа», «Қазақ тілі-ертеңім, болашағым» дөңгелек үстел, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасының ұйымдастырған «Н.Назарбаев: Дәуір.Тұлға.Қоғам» көшпелі көрме жобасы, № 2,17 топ студенттерінің қатысуымен №1 Қалалық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп өткізген жазушы Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят монологы барысында «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша оқырман конференциясы,  № 8 қалалық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып, Елбасының  2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  Жолдауы мен 2018 жылғы 21 қарашадағы «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы дөңгелек үстелде  студенттер арасында талқыланды, №2 топ студеттер арасында «Тіл-менің мәңгі тақырыбым» атты интеллектуалды сайыс,      №10, 22 топ студенттерімен колледжішілік «Тәуелсіздік-аңсаған арман, қол жеткен мұрат» атты әдеби- музыкалық кеш, № 15,19 топ студенттерімен «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағаттары топ жетекшілерімен бірлесіп  ұйымдастырылды. Міне, осындай шаралар арқылы оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашылығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, оқуда, еңбекте кітапты пайдалануға баули аламыз.

Алдағы уақытта да кітапханамыз жаңа ақпараттық технологияларды ендіру жағдайында оқырмандарға қызмет көрсетуді жақсарта түсу, кітап қорын оқу орнының стандартына сай жинақтау, қазіргі заманауи талаптарға сай жабдықтау міндеттерін жүктейді. Кәсіптік шеберлігі шыңдалған,білікті кәсіби мамандар даярлауда кітапхананың берер көмегі мен атқаратын қызметі зор және қажет деп білемін.