«Жақсы келін – шаңырақтың ырысы»

Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 50 жылдық мерейтойы және 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында колледждің жылдық жоспарына сәйкес «Жақсы келін – шаңырақтың ырысы » атты келіндер сайысына барлық колледжіміздің супер келіндерін шақырамыз!
Байқаудың мақсаты – қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын келіндер арасында кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту.Отбасының ұйытқысы болған келіндердімізге ақылдылық пен парасаттылықтың, инабаттылықтың үлгісі ретінде өскелең ұрпаққа көрсету.
Сайыстың кезеңдері:
1. «Мен қазақтың келінімін» Байқауымыздың бұл бөлімінде келіндеріміз өзін таныстырады Бұнда келіндеріміздің көркемдігі және сырт сымбаты ,жүріс –тұрысы сынға алынады. 7 мин
2. «Бәйге» салт-дәстүр, әдет –ғұрып, жөн-жоралғы жөніндегі сұрақтарға жауап беру .3 мин
3. «Өнерлі келін -өнегелі келін» Бұл бөлімінде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді (ән айту, би билеу, өлең оқу т.б өнерлерін көрсетуге болады ) 5 мин
4. «Қонақ күте білеміз бе?» Бұл бөлімінде дайындап алып келген тағамдарын қалай жасағанын айтып қорғау. 3 мин
5. «Қазақтың келіндеріне әдептілік жарасады» бұл бөлімінде киім үлгісін көрсету. 5 мин
Қатысушылар: 25 жас пен 45 жас аралығында,10 қатысушы қатынасады
Күні:5 наурыз 2024 жыл сағат:14.00
Жүлделі дипломдармен мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Жарияланды: 19.02.202413:29

Автор: