ІІМ Ақтөбе заң академиясының өкілдерімен кездесу

ІІМ Ақтөбе заң академиясының мұғалімдері Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттерімен кездесті
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция полковнигі Каракушев Сәлімгерей Иманғалиұлы және кафедра бастығы полиция полковнигі Саханова Нелли Талапқызы колледж түлектерімен кездесу өткізді. Басты мақсат колледж студенттеріне ІІМ-нің ведомстволық жоғары оқу орны туралы Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттеріне ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында академияға оқуға түсудің ережелері мен шарттары туралы толық мәлімет берілді. Сондай-ақ, академияның оқу бағдарламасымен танысқан оқушылар полицияда қызмет етудің ерекшелігі, оқу сапасы туралы өздерін толғандыратын сауалдарына жауап алды.


Жарияланды: 02.03.202415:06

Автор: