15 МАМЫР – ОТБАСЫ КҮНІ!

15 МАМЫР – ОТБАСЫ КҮНІ!

15 мамыр күні Қазақстан Республикасының «Отбасы күні» мерекесі. Осы мерекеге орай 1 курс 10 топтың ұйымдастыруымен 15 мамыр “Отбасы күніне” орай Ш. Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн” романынан үзінді “Найман Ана” әңгімесі бойынша сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

Мақсаты: қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-анасын, туыстары мен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту, отбасындағы қарым-қатынастың беріктілігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу.


Жарияланды: 10.08.202415:12

Автор: