“Бір ел-бір кітап” акциясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған шара ұйымдастырылды
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің кітапханасында жоспарға сай 15.05.2024 жылы Қалалық кітапхананың #8 филиалымен бірлесе
.
Шараға 35 топ 1 курс , топ жетекшісі Ажар Мукашеваның студенттері қатыстырылды.
Мақсаты: Студенттерді кітапханаға тарту, оқырмандарды ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелей отырып, ақпараттық қоғамдағы кітаптың рөлін көрсету.
Көрнекілік: “Б.Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы” атты кітап көрмесі, интерактивті тақтамен слайд және видеофильм.
Колледж кітапханашылары Анар Кенжегалиева мен Гүлжан Усербаева студенттерге Б.Соқпақбаевтың өмірі туралы баяндап, кітаптарымен таныстырып, “ Менің атым Қожа” атты киносынан видеофильм көрсетті.
Қалалық кітапханадан #8 филиалының кітапхана меңгерушісі Айсұлу Мукангалиева Б. Соқпақбаевтың”Балалық шаққа саяхат”, “ Өлгендер қайтып келмейді” , “ Қайдасың Гаухар” , “ Чемпион” атты кітаптарын талқылап, жан-жақты түсіндірді.
Бір ел – бір кітап акциясын ұйымдастырудағы міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттырып, жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.
Студенттер “Менің атым Қожа” киносы туралы өз пікірлерін ортаға салды , қызықты жерлерін ойларын айтты. Шара көпшілік көңілінен шықты, әрі қызықты өтті,