ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

2024 жыл 28 мамыр күні “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығы негізінде 3-параграф. Педагогтің қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің тәртібі бойынша колледждегі “педагог-тағылымдамашы” біліктілік санатындағы жас мамандарды «педагог» санатына өткізу үшін аттестациялық комиссия отырысы өтті. Жас мамандарымыз тәлімгерлерімен 1 жыл бойына жасалған жұмыстарын сәтті қорғады. Педагог санатына өткен оқытушыларымызды құттықтаймыз. Алдағы уақытта үлкен жетістіктер тілейміз.


Жарияланды: 10.08.202415:21

Автор: