Ашық есік күні өтті

Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Ашық есік күні өтті

Ашық есік күні – өзі таңдаған оқу орнына түскісі келетін әрбір талапкердің өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі.

2024 жылдың 15 – 16 мамыр күні Атырау энергетика және құрылыс колледжде Кәсіби бағдарлау жұмысының жоспарына сәйкес Ашық есік күні» ұйымдастырылды, оған Атырау қаласындағы №3 мектеп – гимназияның, Жалпы білім беретін №32 орта мектебі, Атырау қаласы білім бөлімінің “№34 көп салалы мектеп – гимназиясы, Жалпы білім беретін № 40 орта мектебінің 9 – 11  – сынып түлектері қатысты.

Іс – шараның негізгі мақсаты – болашақ талапкерлерді колледжбен, оның оқытушыларымен, қабылдау ережелерімен, мамандықтарымен және болашақ мамандығы бойынша білім алу ерекшеліктерімен таныстыру. Ашық есік күніне қатысқан барлық қатысушылар колледж қызметінің заманауи білім беру жүйесіндегі түрлі аспектілері туралы ең толық ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.

Іс – шарада мектеп оқушылары колледж тарихымен, материалдық – техникалық базасымен және болашақ мамандарды даярлайтын мамандық түрлерімен танысты. «Ашық есік күні» бағдарламасына колледждің жетекші оқытушыларының шеберлік сабақтары, колледжге экскурсиялар, мамандықтардың презентациялары кірді. Студенттер жеке консультациялар ала алды, сонымен қатар арнайы пәндер кабинеттеріне, компьютерлік сыныпқа, спорт залына, кітапханаға және колледж жатақханасына барды.


Жарияланды: 10.08.202415:21

Автор: