Кәсіптік бағдар жұмысы «Баршаға арналған тегін кәсіби – техникалық білім»

Кәсіптік бағдар жұмысы

Президентіміздің жолдауында айтылған «Баршаға арналған тегін кәсіби – техникалық білім» бағдарламасы міндеттерін орындаудың алғашқы қадамдары да басталып кеткендігі белгілі.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру – мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті, соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ол білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады.

2024 жылдың 16 мамыр күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінің маманы Дусетова Ж.Н Атырау қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің 9 – 11 сынып оқушыларына колледждегі мамандықтармен таныстыру, оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында Кәсіптік бағдар жұмысы жүргізілді.

Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру.


Жарияланды: 10.08.202415:25

Автор: