Атқарылған жұмыстар
Колледжімізде «Топ кураторының рөлі тәрбие жұмысының негізгі тетігі» тақырыбында топ кураторларына арналған семинар – тренинг өтілді.
Мақсаты: Студенттерді өмірге бейімдеу, буллинг, кибербуллинг, суицидтің анықтау жолдары мен алдын алу, олардың жеке тұлғалық даму және қалыптасу жолында жетістіктерге жету үшін жүргізілетін тәрбие жұмысының тиімділігін түсіндіру.
1 курс студенттері арасында қарым – қатынасты нығайту мақсатында тренинг өтілді.
Мақсаты: Студеттердің қарым – қатынас жасауға дағдыландыру және дұрыс қарым – қатынасқа түсу мәдениетін қалыптасыру, орта буынға бейімделуіне ықпал жасау, олардың бір – бірін түсіністікке, достық қарым – қатынастың қалыптасуына әсер ету.
1 курс студенттеріне «Аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу, буллинг, кибербуллинг» тақырыбында түсіндірме жұмыстары мен тренингтер өтілді.
Колледж қыз балаларымен «Қыздар арасында» дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Қыз балалардың бойындағы жағымды қасиеттерін шыңдау. Қыздар арасындағы достық қасиет қалыптастыру. Тұрмыстық зорлық – зомбылық жөнінде түсіндірме жұмысын жасау