«Адал табыс – Адал Азамат»
2024 жылдың 26 қараша күні Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және Атырау облысының білім басқармасы қолдауымен Атырауда алғаш рет «Адал табыс – Адал Азамат» ұранымен «Саналы ұрпақ» клубтарының І Республикалық слеті өтті, олардың қызметі құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мақсатындағы слет жұмысына Атырау энергетика және құрылыс колледжінің «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі және белсенді мүшелері қатынасты.
Слет Атырау, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының белсенділері мен «Саналы ұрпақ» клубтарының мүшелері қатынасты.
Слет жұмысында тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу алаңына айналды.
Слет шеңберінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылады, өз өңірінде атқарылған жұмыстар туралы өздерінің бейнепрезентацияларын ұсынды, оларда қоғамның парасаттылығына шақыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарастарын көрсетті, сонымен қатар, сюжеттік және музыкалық қойылымдар дайындады.
«Саналы үрпақ» слеті жастардың сыбайлас жемқорлықсыз адал және әділ қоғам үшін күресуге дайын екенін көрсетті.