Шығармашылық ізденіс нәтижесі
Биылғы оқу жылының қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнер қәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы аясында ««Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтар үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер бойынша «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының өңірлік кезеңі- бірынғай ақпараттық білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық коммуникациялық және технологиялық құзыреттілектерін арттыру мақсатында 25 қыркүйек – 15 қазан аралығында өткізілді. Колледждің оқу әдістемелік кенесінде инженер-педагогтарының бейне-сабақтары талданып, жалпы білім беретін пәндер бірлігістігінен – М.С.Разиеванын және кәсіптік пәндер бірлігістінен – Г.А.Тасымованын бейне-сабақтары облыстық байқауға ұсынылды.
М.С.Разиева – ізденімпаз, жаналыққа жаны құмар, өткен оқу жылында да бірнеше рет колледжішілік және облыстық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты оқытушысы. Майра Серіккалиқызы байқауға «М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында жіберген бейне-сабағында электрондық оқулықты пайдалана отырып, студенттерді ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыра отырып, студенттердің өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін дамытуға және поэззияға қызығулышығын қалыптастыруға ерекше көніл бөлді. Сабақ барсында әр түрлі әдіс-тәсілдер: топтастыру, ой қозғау, постер құру, поэзия сәті, слайдтармен жұмыс тиімді қолданылды.
Облыстық байқауға – І санатты оқыту шебері Г.А.Тасымова «Құрылысшы» мамандығы бойынша «Ағашты сүргілеу» тақырыбымен өткізген бейне-сабағын әзірледі. Өз сабағында болашақ мамандық иесіне қажетті ақпаратпен қатар студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында топтастыру, ой қозғау, сөзжұмбақ шешу, тест тапсырмаларын орындау және рольдік ойын элементтері қолданылды.
2018 жылдың 15 қазан күні Атырау облысының біліктілікті арттыру институтының Акт залында сарапшылар комиссиясы «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің Республикалық конкурсы қоржынына келіп түскен 22 аталым бойынша 153 жұмысты ережеге сай зерделеп, сұрыптап,оның ішінен 62 оқытушының жеңімпаз болғанын және ең қуаныштысы біздің әріптестеріміз: М.С. Разиева мен Г.А.Тасымованын өз аталымдары бойынша бірінші орынға ие болып, республикалық байқауға жолдама алғандарын хабарлады.
Оқу жылының алғашқы айларында педагогикалық кәсіби шеберліктерін көрсете отырып жетістікке жеткен, колледждің педагогикалық ұжымының мерейін көтерген әріптестерімізге – ұстаздық еңбектерініз жемісті болып, жетістіктер жалғасын таба берсін деп тілек білдіреміз.
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, колледж әдіскері: Байдаулетова Г.М.