Колледжде дуалды оқыту жүйесінің тиімділігі
Білім – тек ғылымның іргетасы емес, шетелдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын арқауы. Қай елдің болмасын өсіп – өркендеуі оның білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Білікті мамандар топтасқан ортада алынбайтын қамал, еңсерілмейтін биік жоқ. Халыққа сапалы қызмет көрсетудің тетігі тәжірибелі, білімді, үлкен сыннан өткен кадрлардың қолында екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасында ерекше айта отырып, бұл жүйені іске асырудың бірден – бір жолы елімізде дуалды оқыту жүйесін ұйымдастыру деген.
Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық – технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау
Дуалды оқыту жүйе бойынша шетелдік әріптестердің атап айтатын болсақ 2010 жылы Түркия елінің дуалды жүйесімен колледжіміздің аға шебері танысып келді, 2011 жылы Белоруссияда 1 арнаулы пән мұғалімі және 2012 жылы осы елде 1 өндірістік оқыту шебері тәжірибе жинақтап, өз біліктіліктерін көтеріп келді.
Еңбек нарығында қай салаға маман керектігін анықтап, нәтижесінде төмендегі мамандықтарға дуалды жүйемен оқыту енгізілді.
1401000 –«Ғимаратттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша біліктілігі: 1401022 – Ағаш ұстасы, 1401072-Арматуршы, 1401042-Сылақшы, 1401052-Бояушы. 1401152-Темірбетон және болат құрылымдарын монтаждаушы, 1114000 – «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша біліктілігі: 1114012 – Дәнекерлеуші / барлық түрлерімен/.
Әлеуметтік серіктестерді анықтау: 1401000 –«Ғимаратттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша ЖШС “Асем Умит”, ЖШС «Direct Constructiоn Service» , ЖШС «А-Курман Құрылыс Групп», ЖШС «ГлобалСнабВест», ЖШС “Альянс-Би Коммерц”, ЖШС «АМК Строй Сервис», 1114000 – «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша ЖШС «Атырау НефтеМаш», ЖШС «Транспортивка Экология Сервис», ЖШС «Caspian Conctractors Trust», АҚ «Атырау жылу жүйелері».
Осы мамандықтар бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға, яғни Кәсіпкерлер палатасы-Мекеме-Колледж келісім шарт жасалып, қол қойылды. Мақсаты – дуалды жүйеде білікті мамандарды оқытуда ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ кәсіпорынға білікті маман даярлау.
Әлеуметтік серіктестермен жұмысшы мамандықтарды анықталып, қорытындысында әр оқу жылында әртүрлі мамандықтарға қажеттілік туындап отырды.
Атырау облыстық білім беру басқармасының 2014 жылдың 23 тамыздағы №265 бұйрығына сәйкес дуальдық оқытудың экспериментті алаңына көштік.
Эксперимент алаңы бойынша оқитын анықталған мамандықтардың оқу жоспарлары мен бағдарламасы 60х40 пайызбен кәсіпорынмен және техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми әдістемелік орталығымен келісіліп жасақталды.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіткен № 50 бұйрығын басшылыққа ала отырып 3 жақты келісім шарт жасалды, яғни Мекеме-Колледж-Студент.
Әлеуметтік серіктестер тарапынан арнайы көлік бөлініп, мекеме ішінен кіріспе нұсқау өткізу үшін кабинет жасақталып, тәлімгер бөлініп, түскі аспен қамтамасыз етіп, студенттің алаңсыз білім алып, білікті маман болу үшін толық мүмкіндік жасалды.
2014-2015 оқу жылында дуальдық оқу жүйесі бойынша оқыған тобымыз «Ағаш ұстасы» мамандығы бойынша 4 әлеуметтік серіктесіміздің базасында тәжірибеден өтті. Олар ЖШС «Caspian Conctractors Trust» 10 студент, ЖШС «Альянс СК» 6 студент, ЖШС «Асем Умит» 8 студент, “Альянс-Би Коммерц”6 студент. Осы студенттерге айына орта есеппен 34000 теңгеден ақылары төленіп отырды. Осы аталған мекемелерде 4-5 студенттен жұмысқа орналасты.
2015-2016ж. дуалды оқытумен оқитын «Арқалаушы» мамандығы бойынша 20 студентіміз ЖШС «Direct Construction Service» компаниясында 30000 теңге еңбекақымен тәжірибеден өтті. Осы мекемеміз 2015 жылы үздік әлеуметтік серіктес атанып, облыстық білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.
ЖШС «Асем Умит» мекемесі де үнемі қол ұшын беріп отырады. Атап айтатын болсақ, дуальды жүйемен оқыған «Ағаш ұстасы» мамандығы бойынша тәжірибеден өткен 8 студенттің 3-уін жұмысқа алып қалды, 2015-2016 оқу жылындағы «Сылақшы» мамандығы бойынша дуалды жүйемен оқитын 10 студентті ақылы тәжірибеден өткізді. ЖШС «Асем Умит» мекемесі 2016 жылы үздік әлеуметтік серіктес атанып, облыстық білім басқармасының алғыс хатымен марапатталған болатын.
2016-2017 оқу жылында 4 мамандық бойынша дуалды оқумен 4 топ оқыды. Айта кететін болсақ «Арқаулаушы», «Бояушы», «Дәнекерлеуші», «Болат және темірбетон құрылымдарын монтаждаушы» мамандықтарымен 95 студент дуалды оқу бойынша білім алды. Осы бойынша 6 мекемемен келісім шарт жасастық олар ЖШС «А-Курман Құрылыс Групп», ЖШС «АтырауНефтеМаш», ЖШС «АМК Строй Сервис», ЖШС «Асем Умит», ЖШС «Альянс БиКоммерц», ЖШС Direct Construction Service», ЖШС «Caspian Conctractors Trust». Қорытындысында осы жылы 73 студентіміз мекемелерді тұрақты жұмыспен қамтылып қалды.
2017-2018 оқу жылында дуалды оқытумен 3 топ бойынша 64 студент білім алуда. Кең бейінді құрылыс шебері біліктілігі бойынша ЖШС «Direct Construction Service»
ЖШС «Құрман құрылыс группта», Пісіруші біліктілігі бойынша ЖШС «АтырауНефтеМаш», ЖШС «Caspian Conctractors Trust», Желдету жүйелерiн құрастырушы: ауаны кондиционерлеу, пневмакөлiктi, аспирациялауы біліктілігі бойынша ЖШС «АтырауПромВентиляция» мекемелерінде 3-жақты келісім шарт жасақталып, студенттеріміз еңбек ете жүріп білім алып шықты. Осындай атқарылған жұмыстың арқасында жұмысқа орналасу көрсеткіші 90 % көрсетті.
Биылғы жылы, яғни 2018-2019 оқы жылында дуалды оқытумен 3 топ бойынша 75 студент білім алуда. Оның 25-і «Пісіруші» біліктілігі бойынша ЖШС «Caspian Conctractors Trust» мекемесінде тәжірибеге орналасты, Кең бейінді құрылыс шебері біліктілігі бойынша ЖШС «Direct Construction Service», ЖШС «Құрман құрылыс группта» және ЖШС «Евробетон» мекемелерінің құрылыс алаңдарында тәжірибеден өтуде. «Желдету жүйелерiн құрастырушы: ауаны кондиционерлеу, пневмакөлiктi, аспирациялау» біліктілігі бойынша студенттер ЖШС «АтырауПромВентиляция», ИП «Сабыргалиев» мекемелерінде колледжден алған теориялық білімдерін мекеме базаларында жалғастыруда.
Бұл мекемелерде қазіргі күні 2 күн колледжде теориялық білім алса, 4 күн сол білімдерін мекеменің құрылыс алаңдарында практикамен ұштастыруда. Осы компанияның басты мамандары біздің практикалық жұмыстарда және біліктілік емтихандардың төре ағалары болып тағайындалып емтихан қабылдайды.
Әлеуметтік серіктестермен қоян қолтық жұмыс жасалған арқасында бүгінгі күні колледж бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жыл сайын артып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.
Жалпы дуальды оқытудың артықшылығы: 1. Жұмыс берушімен колледж және студент арасында жауапкершілігі артады 2. Әлеуметтік серіктестіктің талаптарын ескере отырып болашақ маманды дайындауда тығыз байланыста болады
- Мамандарды әлеуметтік серіктестердің сұранысы бойынша дайындалады
- Колледж бітірушілерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші артады
Дуалды жүйе бойынша оқу студент болашақта жұмыспен қамтылып, өз ісінің білікті маманы болып шығуына ықпал жасайтын жүйе екеніне сенімім мол.
Қорыта келе, қазіргі қоғамда сұранысқа ие болатын мамандықтар бойынша кадр дайындау басты мақсаттарымыздың бірі екенін бәрімізге мәлім. Колледж ұжымдары Елбасының салиқалы саясатын қолдап, еліміздің іргелі, әрі қуатты елдер қатарында болу жолында тынымсыз еңбек етіп, барлық салалардағы жаңалықтарға ұдайы қолдау көрсетіп, студенттерге сапалы білім мен тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті маман даярлау жолында аянбай тер төгіп жүрген әріптестерімнің еңбектеріне жеміс тілегім келеді.
Өндіріс ісі бойынша директордың орынбасары К. И.Сапаргалиева