«Салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және жыл сайын медициналық алдын ала тексерістен өту-туберкулезбен ауыру қауіпін төмендету жолы!» атты акциясы

2018 жылдың 12 қыркүйек күні, Атырау қалалық медициналық мекемелер мамандары Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттерімен кездесті.

Студенттерге туберкулез және басқа да қауіпті аурулар бойынша дәріс оқылды.Кездесуге жастар денсаулық орталығының психологтары, туберкулезге қарсы диспансердің дәрігері, сондай-ақ шараны ұйымдастырушылар және Атырау энергетика және құрылыс колледжінің дәрігері қатысты.

Бүгінде студенттер туберкулез туралы не біледі? Флюрографиялық тексеруден өтудің маңызы қандай? ЖИТС дертінің алдын алу үшін не істеу қажет? Дәрігер мамандармен өткен жиында осы сауалдар төңірегінде мәселелер көтеріліп, бейнесюжеттер ұсынылды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы 1 желтоқсан күнін ЖИТС-пен күресу күні  деп белгіледі және әлеуметтік төзімділікке шақырды. Содан бері бұл күн әр түрлі ұрандармен, іс-шаралармен өткізеді. Іс-шаралардың  мақсаты-халықты салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру аждаһа дертті ауыздықтау, халыққа аурудың алдын-алу мен жұқтырып алмау,тәсілдерін түсіндірді.

Дәрігерлер студенттерге ақыл-кеңестерін айтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.Дене белсенділігі, спортпен айналысу, стресстерден арылу, шылым шегуден, алкогольді ішімдіктерден бас тарту сияқты салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтанудың көмегімен көмектеген аурулардың алдын алып, денсаулық пен әдемі келбетті, жас қалыпты дене салмағын сақтауға болатынын жастарға айтып,  мамандар кеңестерін берді.

 


Жарияланды: 12.09.201813:27

Автор: