Діни экстремизм мен терроризм әлемге төнген қауіп

Атырау облысы білім беру басқармасының тапсырмасы негізінде 2018 жылдың 19 қыркүйекте Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бағытында кездесулер ұйымдастыру дәлдік,оңалту жұмыстарың жүргізу жоспарына сәйкес, «Жәрдем – Атырау» корпоративтік қорының директоры Жаулин Ербол Еділұлы, Тілеуов Өсімхан Аманбайұлы –дінтанушы, теолог маманы Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттеріне «Ислам мен экстремизм, терроризм терминдері бір-біріне қарама-қайшы» атты кездесу өткізілді.

Мақсаты – жастар арасында таралып жүрген исламфобилялық пікірлер мен стериотиптерді жою,теріс діни ағымдардың таралуының алдын алу ,зиянды тұстарын түсіндіру және оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру болып табылады.колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орынбаева Заура Берікқалиқызы аталған шараны ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар, келген қонақтарды таныстырып, кездесудің маңыздылығын айтып өтті. Қазіргі жастар арсында діни ахуалдың өршіп тұрған кезі. Сондықтан көкейлеріңізде жүрген сауалдарыңызды қоюға болатындығын айтты.

«Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының директоры Жаулин Ербол Еділұлы Жастар арасындағы діни ахуал қай ата-ананы да алаңдатады. Бұл қоғамдағы түйінді мәселелердің бірі екені де рас. Ислам атынжамылған дәстүрлі емес діни  ағымдардың көбеюі діни білімсіздіктің кесірінен болып жатқанын және діни экстремизм, терроризм деген ұғымның ислам дініне қатысы жоқ, бір-біріне қарама-қайшы сөз екендігін түсіндіру мақсатында келгендігін жеткізді.

Ө.Тілеуов-Дін тарихи ұғым. Дін адамзат пайда болғаннан бастап келе жатқан нәрсе. Ал экстремизм, терроризм әрекеттері ғасырда кең етек жая бастады. Өздеріңіз білетіндей еліміздің кейбір облыстарын да да келеңсіз орын алған жағдайларға куә болдық. Әрине мұның арты жақсылыққа апармайтыны айтпаса да түсінікті. Себебі, елімізді, жерімізді, ынтымақ-бірлігімізді бұзу үшін жасап жатқан шетелдік арам ойлардың әрекеті. Осыны біздің жастарымыз терең түсініп жатқаны шамалы. Ислам бейбітшілікті бастайтын дін, ғасыр өтсе де, өзінің маңыздылығын жоймаған. Алайда қазыргі уақытта дінсымақтар білімнің жоқтығынан адасып, өзіне жанұясына және мемлекетке зиянын тигізуде. Осыдан халық намаз оқитындардан, сақалдылардан, мешітке баратындардан қорқуда. Өйткені дәстүрлі еместеріс ағымдардың Ойы Ислам дінінекүйе жағып, еліміздің ынтымақ-бірлігін бұзу. Сондықтан жастарымыз дінді дұрыс түсініп, ата-бабаларымыздың аманат етіп кеткен жерін, байлығын ынтымағын т.б. болашақ ұрпаққа дұрыс жеткізсек одан асқан бағыт жоқ.

Шара барысында тура жолдан тайып, теріс діни жолға түскен Атыраулықтар Дамир Зіналиев туралы «Ұлттық қауіпсіздік-ұлы мұрат» деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға келген қонақтар толыққанды жауап берді.

 


Жарияланды: 19.09.201813:46

Автор: