«Брейн – ринг» – білім додасы

Атырау қалалық ішкі саясаты ұйымдастыруымен 2018 жылдың 19 қыркүйегінде Кәсіптік және техникалық оқу орындарының студенттері арасында «Ұлттық мұралар – жастарға бағдар» атты білім-ринг интеллектуалды сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты: студенттер арасында интеллектуалды орта құру, олардың ой-өрісін дамыту.

Интеллектуалды ойынды ұйымдастырушы лардың  айтуы бойынша, басқа колледж студенттерімен ойын барысында қарсылас болуы олардың арасындағы сыйластық пен достықты қалыптастыруға оң ықпал етеді. Бұл ойынның басты шарты-шапшаңдық. Қатысушылар сұрақтын жауабың тез табуымен қатар қарсыластарынан бұрын жауап беріп үлгеруі тиіс. Бұл ретте біздің студенттер командасының жылдамдығы басқа қатысушылармен салыстырғанда басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Сайыс сонында Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері жүлделі ІІ орынмен марапатталды.


Жарияланды: 19.09.201813:51

Автор: