«Адалдық сағаты» өтті.
Атырау энергетика және құрылыс колледжінде бір уақытта 70-ке жуық жасөспірім студенттерге адалдыққа үнделді 2019 жылдың 2 қыркүйегінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай, Атырау энергетика және құрылыс колледжінде алғаш рет бірыңғай жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтті.
«Адалдық сағатының» негізгі мақсаты — өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Осы игі бастамаға лекторлар ретінде колледждің ардагер ұстаздары шақырылып жастарды жаңа оқу жылымен құттықтап, сыбайлас жемқорлықпен қарқынды күресу ел саясатының негізгі басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.
Шара барысында лекторлар қазақтың бойында бағзыдан қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін қазбалап, тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығына тоқталды. Сондай-ақ, Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялап, ел жастарына зор сенім білдіргендігін, Қазақстанның жарқын болашағы – бүгінгі жас буынның қолында екендігін жеткізді. «Адалдық сағатында» білім алушыларға арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі жіті түсіндірілді.