АЭСК студенттері халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
«Ставрополь құрылыс техникумы» мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесінің базасында 2023 жылғы 7 желтоқсанда «Ғылымға қадам» VIII өңіраралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жас зерттеушілерді қол жеткізілген нәтижені көпшілікке көрсетуге, жаңа білім мен өмірлік тәжірибе алуға мүмкіндік беретін жобалық қызметке тарту мақсатында өткізілді. Конференция жұмысы аясында негізгі тақырыптық бағыттар талқыланды: “Мен және менің құқықтарым”, “Менің мамандығымның әлемі. Құрылыстағы заманауи инновациялық технологиялар, материалдар мен конструкциялар», «Ағылшын тілі – халықаралық және кәсіби қарым-қатынас тілі». Конференция қатысушыларына Ставрополь құрылыс техникумының директоры В.А. Семилетов құттықтау сөзін арнап, жемісті жұмыс тіледі. Конференция жұмысына Атырау энергетика және құрылыс колледжінің ІІ курс студенттері де онлайн форматта қатысты.
Ставрополь құрылыс техникумының әкімшілігі конференцияға қатысушылардың барлығына алғысын білдіріп, оларға табыс тілейді!