«AINALMAQ»
2021 жылдың 13-15 қараша күндері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Рухани жаңғыру бағдарламасының «Дәстүр мен Ғұрып» арнайы жобасы аясында «AINALMAQ» жобасына Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 5 белсенді студенті мен жастар ісі комитетінің жетекшісі қатынасуда.
Бұл жобаны мақсаты— басқа оқу орындарында оқитын студенттер басын қосып біріктіру. Өзімізге жаңа бауыр, жан жолдас тауып, сіз-біз десіп сыйласу. Оған қоса, қазіргі “заманауи” адамдардың дәстүрлерімізді шетке ысырып, елемеуінің әсерінен ұлттық құндылығымыз жоғалып бара жатыр. Міне, осындай жүкті арқалай отыра, ұмыт қалып бара жатырған дәстүрлерімізді қайта жаңғырту. Жастар арасында ұлтқа деген, дәстүрге деген жаңа көзқарас қалыптастыру.#