«Қайырымдылық адам жанының нұры»

Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жоспарына сай. 12 ақпанда күні «Қайырымдылық адам жанының нұры» атты колледжіміздің өзін-өзі тану пән бірлестігінің оқытушыларының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерімізге қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Қайырымдылық акциямыздың мақсаты:

Мақсаты: Махаббат пен Шығармашлық аясында студенттерді махаббат,бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейрімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп,қамқорлық жасау,көмек көрсету дағдыларын дамыта отырып,рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге,өмірді бағалай білуге тәрбиелеу;

Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек.

Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі.

Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.

Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. «Жұмыла көтерген – жүк жеңіл» , «Мың адам жүрген жерде жол қалады» дегендей көмекке мұқтаж жандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің – нық болуына қадам жасайық!

Шерменде болған жүрекке, жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол ұшын береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы сезім, мұқтаж жандарға қамқорлығын аямаған сіздердей азаматтарға алланың нұры жаусын демекпіз.


Жарияланды: 15.02.202113:06

Автор: