Қамқоршылық кеңес құрамын қайта сайлау туралы хабарлама
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды!
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қамқоршылық кеңес құрамындағы тоғыз мүшесінің жеке өтініштері бойынша бос орынға жаңа тоғыз мүшесін сайлауға Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз!
Қамқоршылық кеңес – Атырау энергетика және құрылыс колледжінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, колледждің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына шақырылады:
*жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
*жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
*коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері ;
*ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
*қайырымдылық жасаушылар;
Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру жіне оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.2017ж №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.
Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды.
Байланыс телефондары: Қабылдау бөлімі тел/факс: 8(7122)-21-44-48
Колледж директоры: Джумагазиев Тухфатолла Тахфузович
Директордың тірбие ісі жөніндегі орынбасары: Әйіпов Мұрагер Есенкелдіұлы
Электрондық почта: ask_college@mail.ru




