Ашық диктант өткізіледі.
2019 жылдың 10 қыркүйегінде Атырау энергетика және құрыыс колледжінде жалпықазақстандық ашық диктант өткізіледі. «2019 – Жастар жылына» атты жалпы қазақстандық ашық диктант Қазақстан Республикасы азаматтарын латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету мақсатында, «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында ұйымдастырылуда.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына (идеясына) арналған жалпықазақстандық ашық диктант
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағын орындау мақсатында ҚХА «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолдану арқылы жалпықазақстандық ашық диктант өткізеді. Диктант тақырыбы «2019 – Жастар жылына» арналады.
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы желтоқсанда жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясына, «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарын латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету.
Міндеттері:
– тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында аталған заман талабына сай жаңа қазақ әліпбиін қолданудың маңыздылығын қоғам санасына сіңіру;– Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту;
– қатысушыларға қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;
– сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аударту.
Бұл ашық диктанттан студенттердің күтілетін нәтижелер:
§ Қазақстан азаматтарының жаңа қазақ әліпбиін меңгеру деңгейін арттыру;
§ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мәнін ұғындыру;
§ тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту, қоғам санасына «Рухани жаңғыру» идеясын сіңіру;
§ мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттыру;
§ мемлекеттік тілді меңгеру арқылы қазақстандық қоғамында өз орнын табу мүмкіндігін көрсету;
§ жалпы сауаттылықты арттыру.