«Ашық есік күні»

Атырау энергетика және құрылыс колледжде «Ашық есік күні» өтті.

2024 жылғы 15 – 16 мамыр күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінде мектеп оқушыларына арналған ай сайынғы өтетін “Ашық есік” күні мерекесі ұйымдастырылды.

”Ашық есік” күнін ұйымдастыру мақсаты – Атырау энергетика және құрылыс колледжіне талапкерлерді оқуға шақыру.

Колледж оқытушылары болашақ талапкерлерге колледжге түсу тәртібін, оқу жүйесін және Атырау энергетика және құрылыс колледжінде білім алудың тиімділігі жайлы толық ақпарат берді. Осы жерде колледжде оқып жүрген студенттер оқушыларға студенттік өмірді және қоғамдық өмірге белсене араласатыны жайлы айтып, оқушыларды біздің колледжге оқуға келуге кеңес берді. Оқушылар колледждегі өздерін қызықтыратын мамандықтар бойынша толық ақпарат алып сонымен қатар колледж туралы бейнебаян көрді.

Барлық оқушыларға Атырау энергетика және құрылыс колледжіндегі мамандықтары бойынша ақпарат беретін буклеттер таратылды.


Жарияланды: 10.08.202415:31

Автор: