Атырау адалдық аясында “Саналы ұрпақ” еріктілер клубының слеты өтті
АТЫРАУ АДАЛДЫҚ АЯСЫНДА “САНАЛЫ ҰРПАҚ” ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫНЫҢ СЛЕТЫ ӨТТІ.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында рухани адамгершілік жəне азаматтық-патриоттық тəрбиемен өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Аталаған іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Мамыт, Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Есенғалиев Сатқан Ыбырайұлы және облыстың колледж студенттері қатысты.
Слетте колледжермен клуб аясында атқарылған жұмыстар және сыбайлас жемқорлық көріністері бейнеленген сурет көрмесі ұсынылды.
Шара барысында “Саналы ұрпақ” еріктілер клубының белсенділері бір-бірімен додаға түсті. Әрқайсысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы білімдері мен біліктіліктерін сынады.
Шарада республикалық “Саналы ұрпақ” жетекшісі @Қайыржан Токушев қатысып, республика деңгейінде жоба аясында атқарылған жұмыстарды баяндап, Атырау өңірінің студенттерін клуб белсенділігін әлі де арттыру жөнінде ұсыныс берді.
Облыстық слет @Атырау облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырыс негізінде жүзеге асырылып отырған Atyray Adaldyq Alany жобасы аясында ұйымдастырылды.