Атырау энергетика және құрылыс колледжі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әкімшілігі 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай

ХАБАРЛАНДЫРУ!

АТА-АНАЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР НАЗАРЫНА!!!

“Атырау энергетика және құрылыс колледжі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әкімшілігі 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай…..

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ҮШІН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА 30 МАУСЫМ КҮНІ ӨТЕДІ.

Биылғы оқу жылында аралық аттестаттау емтихандары тапсырады. Емтихандар 15 маусымда басталады.

Қорытынды аттестаттау емтихандары (кешенді емтихандар) 10 маусым – 21 маусым аралығында өтеді.

Е С К Е Р Т Е Д І

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында колледж қажеттіліктерін өтеу үшін бітіруші топтардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады.

Колледждің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тиым салынады.

Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында колледж әкімшілігіне және педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады.

Білім алушылардың мейрамханаларда, өзен жағасына барып, демалыс ұйымдастыруға тыйым салынады.

Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!

Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, білім алушылардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды өтінеміз.

Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы- МІНДЕТ!

Құрметпен колледж директоры: Джумағазиев Т.М.


Жарияланды: 10.08.202414:59

Автор: