Атырау облысының өндіріс орындарына және инвестициялық жобаларына кадрларды дайындау туралы мәжіліс

Атырау энергетика және құрылыс колледжінің стратегиялық мақсатының бірі – мұнайлы аймақтың серпінді дамуы мен экономикалық әлеуетінің артуына қолдау көрсету үшін ғылыми және білім беру кеңістігін құру.
2024 жылдың 15 ақпан күні Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында Атырау облысы әкімінің орынбасары М.Мурзиевтің қатысуымен Атырау облысының өндіріс орындарына және инвестициялық жобаларына кадрларды дайындау бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске өңірдегі техникалық, жоғары оқу орындарының және кәсіпорындарының басшылары қатысты. Атырау энергетика және құрылыс колледжінің басшысы Джумагазиев Т.М. колледж тынысы мен жетістіктері туралы айтып өтті.
Колледжімізде құрылыс және энергетика салалары арқылы жоғары білікті құзіретті кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар оң нәтижесін беріп келеді. ТжКББ бағдарламалары еңбек нарығының сұранысы мен жұмыс берушілердің талабына сәйкес әзірленіп, жаңартылып отырады.
Бүгінгі мәжіліс нәтижесінде өңірдегі техникалық бейіндегі орта, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Мәжіліс нәтижесінде өңірдегі техникалық, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Атырау энергетика және құрылыс колледжі «Ультраснаб-Казахстан» ЖШС –мен келісімге отырды.


Жарияланды: 02.03.202414:56

Автор: