«Ауғанның отты жалыны»
2022 жылдың 16 ақпан күні Тәрбие бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына және Тәжік Ауған соғысына 17 жылдығына арналған «Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш монументіне колледжіміздің студенттерімен әскери патриоттық шарасы ұйымдастырылды. АӘД пәні жетекшісі Бижанов А. қолдауымен өткізілді.
Әскери патриоттық шараның мақсаты:
- Студенттерге Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
- Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
- Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, студенттерге патриоттық тәрбие беру.
Майдангер ардагерлеріміз қашанда жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір өмір мектебі десек, біз Ауған соғысы ардагерлері II дүниежүзілік соғысын көрген ақсақалдарымыздың лайықты ізбасары ретінде жастарымызды Жаңа Қазақстанның болашағы үшін Мәңгі Ел болуды Қазақ Елі үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Соғыстағы әрбір командирдің арманы тек қана жеңіс десек, ол үшін аздап қан төгу керек, ал бүгінгі еңбек майданында Тәуелсіз Қазақстан үшін тер төгіп, арымызды аяқасты етпей, мемлекет мүддесі үшін өмір сүруіміз керек.