Қазақ тілін оқуға арналған порталдар

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді:

 

Қазақ тілін оқуға арналған порталдар

 

  • «Tilqural.kz»– қазақ тілін оқытуға арналған веб-сервис. Сайтта қазақ тілін білмейтін ересектерге А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде тіл үйренуге мүмкіндік беретін онлайн-курс бар.

Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе оқу курсын ұсынады (5 деңгейдің бірі).

Сайт сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде қолдануға, еркін оқуға, өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізуге, сөздерді дұрыс дыбыстауға, сөйлемдерді сауатты құрастыруға мүмкіндік береді.

Пайдаланушы жеке кабинетінде орындалған сабақтар бойынша статистиканы көре алады.

Қызметті Android, iOS платформалары арқылы жүктеуге болады.

Қаралым – 93 247.

 

  • «Аbai.institute» – 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.

Портал 6 тілде (қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Бүгінгі күні порталды пайдаланушылар саны – 20 183 адам.

Сондай-ақ Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия елдеріндегі қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін оқыту курстары өткізілді.

2021 жылы аталған жоба аясында АҚШ, Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан елдеріндегі қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

Сонымен қатар шетелдегі қазақ диаспорасына арналған қазақ тілін үйрететін әмбебап басылым әзірленді. А1, А2 деңгейлері бойынша басылымның контенті қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде әзірленіп, «Abai.institute» онлайн платформасына орналастырылды.
Жоба аясында Түркия, АҚШ, Ресей, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия және Өзбекстанда қазақ тілі кабинеттерін ашу арқылы офлайн және онлайн оқыту жүргізілуде.
Жобада «Отандастар қоры» АҚ ерекше рөл атқарады, ол шетелдегі отандастармен жұмысты ұйымдастырады және жоғарыда аталған елдердегі қазақ тілі кабинеттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Портал Android Және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қол жетімді.

Қаралым – 182 740.

 

  • «Tilmedia.kz»– 2017 жылы құрылған үштілді «Tilmedia.kz» сайты қызықты және тиімді тәсілдер арқылы қазақ тілін үйренуге болады.

Сайт жұмысы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін насихаттауға, олардың қолданылу аясы мен әдістемесін кеңейтуге бағытталған. Тілдерді оқыту әдістемесі аудио және бейне мазмұнға негізделген.

Сайтта латын және араб графикасы қарастырылған.

Сайт «ақпарат», «қара», «тыңда», «оқы», «сұрақ-жауап» атты 5 блогтан тұрады және онда тіл саясаты саласындағы өзекті мәселелер туралы жаңалықтар, сабақтар, сабақтар, танымдық аудиожазбалар, балалар мен ересектерге арналған бейнероликтер, аудиокітаптар, әдістемелік құралдар, көркем және балалар әдебиеті және т.б. орналастырылған.

Қаралым – 170 749.

«Вalatili.kz» сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналады. Сайт интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы навигация жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді.

Сайтта баланың өзіндік жұмысына арналған жұмыс парақтары, ұcтаздар мен тәрбиешілерге, ата-аналарға әдістеме парақтары ұсынылған.

Грамматика мен орфографияны үйренуге арналған материалдар, соның ішінде интерактивті әліпби мен ойындар, жас ерекшеліктеріне сәйкес аудиодиктанттар, каллиграфиялық дағдыларды дамытуға арналған тапсырмалар, қосымшалар қарастырылған. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқуға арналған көркем мәтіндер, соның ішінде қызықты әңгімелер, тақырыптық өлеңдер, интерактивке негізделіп жасалған жаңылтпаштар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер топтастырылған.

Мамандардың лингвистикалық мәселелерге қатысты мақалалары, ғылыми еңбектері, сондай-ақ балабақшалар мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралдары мен сабақ жоспарлары жарияланады.

Қаралым – 560 632.