Қазіргі экономикадағы ұлттық валютаның ролі
Биыл ұлттық теңгеміздің айналысқа енгеніне 25 жыл толды. Бұл –тарихи кезең. Себебі әр елдің туы, гербі сияқты өз нышандары болады. Сол сияқты ұлттық валютада мемлекеттік нышандардың қатарына жатады.
90 жылдардың басында еліміз үшін осындай тарихи маңызы бар шешімді қабылдау ауыр кезең болды: өндірістің құлдырауы, экономикалық байланыстардың үзілуі, бұрынғы одақтас республикалар арасындағы ақша-несие қатынастарының құлдырауы. Сондықтан Қазақстанның экономикалық егемендігін іске асыру үшін ұлттық валютаны енгізу оңай шаруа болған жоқ, бірақ осы қиындықтарға қарамастан 1993 жылы 15 қарашада Президент жарлығымен теңге айналысқа енгізіліп, заңды төлем құралына айналды.
Айналыста болған 25 жыл ішіндегі теңгенің тарихы маңыздылығы және экономикалық ролі жоғары. 25 жыл ішінде теңге біршама нығайды. Экономикада ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын сақтау, инфляцияны азайту, елдің банк жүйесің қызметін жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету қазіргі кезде өте өзекті мәселе.
Осы айтулы тарихи күнге байланысты Атырау аграрлы- техникалық колледжі ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуының нәтижелері, мәселелері, келешегі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Осы конференцияға Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 1 курс студентті Хабиболлаев Даулет «Қазіргі экономикадағы ұлттық валютаның ролі» тақырыбындағы, 2 курс студентті Жинақбаев Нуржан «Халықтың табысы мен тұрмыс сапасын арттыру – келешек кепілі» тақырыбындағы баяндамаларымен қатысты.
Конференция барысында студенттер мен колледж оқытушыларымен ҚР білім және ауылшаруашылығы салаларының үздігі, экономика ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығының докторы Б.Ж.Таубаев, АҚ Банк Хоум Кредит еншілес банк филиалының сату бағытының басшысы Қ.М.Хинекин өз ойларын ортаға салды. Конференцияға қатысқан облысымыздағы колледждердің студенттері әр түрлі тақырыптағы баяндамалары арқылы өз білімдері мен пікірлерін, болашақтағы міндеттерімен бөлісті.
Бүгінгі күні біздің алдымызда үлкен міндет түр. Ол – дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы бағытта еліміздің индустриясы дамуы, орта және шағын бизнесті дамыту, ішікі өнімді молайту, ең басты мәселелер. Осу даму жолында да ұлттық теңгенің маңызы жоғары. 2019 жыл Президент жолдауында айтылғандай «Жастар жылы» деп қабылданды. Сондықтан осы жастардың, біздің студенттеріміздің алдында үлкен жауапкершіліктер түр. Ұлттық теңгеніміздің құндылығын көтеру, ел экономикасын дамыту жолында олар да өз үлестерін қосады деп сеніммен айтуға болады.
Багитова А.Д.
экономика пәнінің оқытушысы