Байқаудан олжамен келген әріптестер

Колледжіміздің өндірістік оқыту шеберлері Қайыр Темір Қадыржанұлы, Бекмагамбетов Мұратбек Жұмабайұлы және Дусетова Жанар Набидуллақызы Қарағанды қаласына құрылыс саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысып келді.

Бұл байқаудың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.

Конкурстың мақсаты құрылыс саласы бойынша педагогтерді анықтау, ТжКББ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашылық педагогтарын қолдау болды.

Конкурстың міндеттері:

– арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің теориялық және практикалық дайындығын анықтау;

– кәсіби қызметте кәсіби шеберлік пен дағдыларды анықтау;

– жаңа білім беру технологияларын, студенттерді оқытудың инновациялық әдістерін анықтау;

– педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің оң және кәсіби имиджін қалыптастыру;

– арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

Конкурс қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, кәсіби дағдыларын, оқу үрдісінде инновациялық тәсілдерді қолдануын, жоғары жұмыс мәдениетін және кәсіби -педагогикалық лексиканы меңгеруін көрсетті.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі: теориялық және практикалық.

1 кезең-теориялық, 3 модульден тұрды: 2021 жылдың 25 қарашада өткізілді.

1 Модуль – Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша нұсқаулық жасау.

2 Модуль – Құрылыс жұмыстарын жүргізудің технологиялық картасын әзірлеу

3 Модуль – Орындалған жұмыстарды бағалау критерийлерін және ақаулар мен ақауларды жою тәсілдерін жасау.

2 кезең – практикалық, 3 модульден тұрады: 2021 жылдың 8 желтоқсанда Қарағанды техника-құрылыс колледжінде өткізілді.

4 Модуль – Жұмыс орнын құрылыс жұмыстарының белгілі бір түрін өндіруге дайындау.

5 Модуль – Әр түрлі күрделіліктегі құрылыс жұмыстарының бір түрін орындау;

6 Модуль – Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды орындау.

 

Конкурстық тапсырмалардың мазмұны Қазақстан Республикасының құрылыс саласы үшін білікті кадрлар даярлау жөніндегі мамандардың практикалық тәжірибесінің деңгейін анықтауды көздеді.

Конкурс педагогтердің кәсіби шеберлік деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.

Конкурс мамандыққа сәйкес әр модульде бір тапсырмадан тұрды.

Конкурс тапсырмасы бойынша қазылар алқасының мүшелері бағалау ведомостарын толтырып, олар CIS-ке енгізілді және ведомостардың хаттамаларын жасады;

– Конкурсқа қатысушылардың рейтингі Конкурстың әрбір модулі бойынша жиынтық бағалау ведомостары негізінде айқындалып колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Қайыр Темір Қадыржанұлы жүлделі 1 орынды қанжығасына байласа, келесі шеберіміз Бекмагамбетов Мұратбек Жұмабайұлы «Технологиялық жабдықтарды қолданудың үздігі» номинациясымен марапатталды. Дусетова Жанар Набидуллақызы қатысушы сертификатын алды.

Осындай олжамен қайтқан өндірістік оқыту шеберлерімізді мақтан тұтамыз және еңбектеріне шығармашылық табыс тілей отырып, алар асулары биік болсын деген тілек білдіреміз.


Жарияланды: 24.12.202110:11

Автор: