Балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеті. Түрлері жіктелуі

 

2022 жылдың 19 сәуір күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Колледжіміздің педагог-психологі Нығметова Эльмира Қуатқызы 1 курс 6 топ Электромонтер мамандығының студенттеріне «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеті. Түрлері жіктелуі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты: Зорлық -зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, студенттерге адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндіру. Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Оқушыларымызды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.


Жарияланды: 21.04.202209:48

Автор: