Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім

Президентіміздің тапсырмасы сай «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы міндеттерін орындаудың алғашқы қадамдары да басталып кеткендігі белгілі.“Атырау энергетика және құрылыс колледжі ” мамандары Жалпы білім беретін №19 Қ.Сатпаев атындағы орта мектептің 9 сыныпты бітіріші түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мақсаты- бітіруші түлекке мамандықты дұрыс таңдау жолдарын көрсету, келешек ұрпаққа бағыт- бағдар беру.Мектеп оқушылары оқу орыны, мемлекеттік грант жайлы сұрақ қойып, білімге деген қызығушылықтарын білдірді.Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алуы қажет. Ол ата-аналар жиналыстарында түрлі тренингтер, әлеуметтік, психофизиологиялық сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы көзқарасына, ұстанымдарына әсер етуге болады. Қала мектептерінде жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы жыл сайын өз жалғасын табуда.


Жарияланды: 02.03.202213:55

Автор: