«Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы міндеттерін орындаудың алғашқы қадамдары да басталып кеткендігі белгілі

Кәсіптік бағдар жұмысы Құрманғазы ауданында

Президентіміздің жолдауында айтылған «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы міндеттерін орындаудың алғашқы қадамдары да басталып кеткендігі белгілі.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру – мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті, соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ол білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады.

2024 жылдың 20-21 мамыр күндері Атырау энергетика және құрылыс колледжінің мамандары Нигметова Э.Қ және Ермағамбетова А.Ж. Құрманғазы ауданының Білім бөліміне қарасты Ақкөл ауылы Ақкөл орта мектебі, Киров ауылы Киров орта мектебі,Нұржау ауылы Нұржау орта мектебі, Абай орта мектебі, Бегалиев орта мектебі, Әуезов және

Ломоносов мектептерінің 9 -11 сынып оқушыларына колледждегі мамандықтармен таныстыру, оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында Кәсіптік бағдар жұмысы жүргізілді.

Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

Колледждің жетістіктері мен мамандықтары туралы презентация мен видео көрсетіліп, баяндалды. Колледждің мамандары мамандық таңдауға септігін тигізу мақсатында өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтылды. Олар өздерінің еңбек жолындағы жетістіктерін өздері білім алған шаңырақ осы колледждің мамандар дайындаудағы тынымсыз еңбектің нәтижесі екенін дәлелді айта білді.


Жарияланды: 10.08.202415:01

Автор: