Батыр елдің ұрпағы-қайсар

Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “Батыр елдің ұрпағы-қайсар” атты Аманат партиясымен бірлесе ұйымдастырған әскери-патриоттық шарасы өтті.

Аталмыш шарада Жамбыл атындағы орта мектептің “Жас сарбаз” сынып мүшелері, Энергетика және құрылыс колледжінің “Морпех” әскери-патриоттық клуб мүшелері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұлан 5546 әскери бөлімінің кинология қызмет мамандары жауынгерлік иттерімен, жаттықтырушылары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті әскери кафедра студенттері,

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Батыс өңірлік қолбасшылығының 41433 әскери бөлім қызметшілері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін студенттер мен көрермен назарына ұсынды.

 


Жарияланды: 21.04.202209:40

Автор: