Білікті кадрларды даярлау жүйесінде оқытудың тиімді әдістерін зерделеу, қорыту және тарату

2022 жылдың 30 наурыз күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде Халықаралық ынтымақтастық аясында “Білікті кадрларды даярлау жүйесінде оқытудың тиімді әдістерін зерделеу, қорыту және тарату” (практика) атты тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды. Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты: пәндік-әдістемелік компентенциялар мен ғылыми әлеуетті дамыту контексінде озық және инновациялық тәжірибені тарату, сондай-ақ оқытушылардың кәсіби өзін-өзі дамытуы үшін тәжірибе алмасу.

Ғылыми-практикалық конференцияға Ресей Федерациясының «Усольск ауылшаруашылық техникумы», «Самара политехникалық колледжі», “Новочеркасск геологиялық барлау колледжі”, “Атырау энергетика және құрылыс колледжі” және «Бөрлі колледжі», «Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі» оқытушылары қатысып, жоғары деңгейде өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.


Жарияланды: 06.04.202219:28

Автор: