«Білім беру контенттері және тәжірибені қашықтықтан ұйымдастыру жолдары»
2020 жыл 12 мамыр күні Атырау облыстық әдістемелік орталығымен бірлесіп, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің ұйымдастыруымен «Білім беру контенттері және тәжірибені қашықтықтан ұйымдастыру жолдары» тақырыбында Zoom платформасында республикалық онлайн тәжірибе алмасу конференциясы өткізілді. Тәжірибе алмасу конференциясының мақсаты:
- Қашықтықтан оқыту жүйесінде ақпараттық технология құрылғыларын қолданудың маңыздылығын көрсету;
- Оқытушылардың ақпараттық – технологиялық құзыреттілігін және педагогикалық шеберлігін дамыту;
- Қашықтықтан оқыту жүйесінде білім контенттерін жасақтау технологиясының ерекшеліктерін көрсету және тәжірибе алмасу.
Конференцияны колледж директоры Темірташев Нұрғали Құмарұлы ашып, кіріспе сөз Атырау облыстық әдістемелік орталығы директорының м.а. Биманова Орынтай Молдашқызына берілді. Жиенғалиева Жанат Құсайнқызы – «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы “Преподавание спецтехнологий в группе электромонтеров в онлайн формате”; Темірғалиев Рүстем – химия пәні оқытушысы «Студенттерге қашықтықтан оқу тапсырмаларын Zoom, edus, Classtime және quizziz платформалары арқылы өткізу»; Орынбаева Заура Берікқалиқызы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Қашықтықтан оқыту жүйесінің тәрбие жұмыстары» тақырыбында баяндама оқыды. Дюсегалиев Адилбек Саламатович – «Электромонтер» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері технологиялық тәжірибесінен мастер –класс көрсетті.
Жалпы, бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан онлайн-оқыту жүйелері, әдіс тәсілдері оқытушы мен студенттер арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік береді, әрі нақты дәріс беру үрдісін қамтамасыз етеді.
Колледж әдіскері Хайруллина Мира Нұрғалымқызы