Білімді әйел – ілімді ұрпақ
2023 жылдың 24 қараша күні Атырауда «Білімді әйел – ілімді ұрпақ» атты облыстық әйелдер форумы өтті.Атырау энергетика және құрылыс колледжінің колледждің педагог –психологі және белсенді студенттер қатынасты.
Өңірде облыстық Дін істері басқармасының қолдауымен, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Білімді әйел – ілімді ұрпақ» атты әйелдер форумы өтті.
Форумның мақсаты – облыс тұрғындары арасында отбасының рөлін күшейту, отбасылық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ әйел адамның қоғамның, ұлттың дамуында атқаратын рөлін дәріптеу, ұлттық болмысымызды насихаттау.
Форумға отбасы психологы Мөлдір Тоқжанова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Айгүл Тұрсынбаева және «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам университетінің PhD, қауымдастырылған профессоры, «Исламдағы жанұя», «Әбу Ханифа және Ханафи мәзһабы» кітаптарының авторы Шамшат Әділбаева қатысты. Бұл тізім қатарында тренер, отбасылық коуч, ментор, «Ел ертеңі-жас ұрпақ» жобасының авторы, Түркістан облысының ата-аналар қауымдастығының төрайымы Ақбаян Төлбасықызы мен «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам университеті PhD, қауымдастырылған профессоры, психолог, «Talim.tv» арнасындағы бағдарламалардың авторы Әлия Төлегенова да болды.
Отбасы психологы Мөлдір Тоқжанова «Ана болу өнері» тақырыбы аясында бала тәрбиесі, сондай-ақ отбасындағы ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас туралы сөз етті.