«Birgemiz: ÚMIT» жалпы ұлттық волонтерлік жобасы
Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ТЖК Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Birgemiz: ÚMIT» жалпы ұлттық волонтерлік жобасы аясында 2020 жылдың 8 қараша күні Жайық жағалауындағы балық аулаушыларға «Балық аулаудағы қауіпсіздік ережелері» туралыТЖ департаменті бірлесе түсіндірме жұмыстары жүргізумен мен қатар ескертпе қағаздарын таратты.
✅Бұл шарамыздың мақсаты:Балық аулаудағы қауіпсіздік ережелерін қала тұрғындарына түсіндіру.
✅Балық аулауды әдетке айналдырғандар мен одан ләззат алатындардың сүйікті мезгілі күз мезгілі деп айтсақ та болады. осындай әдемі көріністі өзгертіп алмау үшін, Атырауымыздың балықшыларына еріктілер мынандай қарапайым ережелерді есте ұстаған жөн екендігі туралы түсіндірді;
📍 өзіңізбен бірге дәрі қобдишасын, қалта шамын, жергілікті жердің картасын, өзіңіздің тұрған жеріңізді анықтауға мүмкіндік беретін құрылғыларды алып жүріңіз;
📍 балық аулап тұрған жеріңізді мұқият тексеріп алыңыз, судың құлап ағатын, шайып кететін жерлерінен абай болыңыз;
📍 әсіресе, түнгі балық аулауды ұнататын балықшыларға бәрінен бұрын сақ болу керек;
📍 қармағыңыз су түбінде ілініп қалған жағдайда суға сүңгуге тура келсе, ол жердің таза еместігін, байқамасаңыз өзіңіздің де ілініп қалатыныңызды ұмытпағайсыз;
📍 аз да болса алкоголь тұтынбау керек. Есіңізде болсын, алкоголь мен балық аулаудың жолы бір емес екендігін ескертті;
✅Сөз жоқ, балық аулау – жақсы демалудың бір жолы, бірақ оның қауіпті жерлері де біршама тұрғындар білмейді. Сондықтан да, әрқашан сақ болыңыз! Балық аулағанда ылғи да үлкен олжамен, көтеріңкі көңіл-күймен оралыңыз!
#birgemiz_úmit
@birgemiz_umit_atyrau