Болашақ маман өндірістік саяхатта
Жыл сайын колледжімізге түскен 1 курс студенттерін өздері таңдаған мамандықтарының нарықта алатын орындарын және жаңа технологиялармен, технологиялық үдерістермен танысу мақсатында танысу немесе тақырыптық топ серуенге жіберіп отырамыз.
Биылғы оқу жылында да осы дәстүрмен бірнеше әлеуметтік серіктестеріміздің базасына жіберген болатынбыз, атап айтатын болсақ «Пісіруші» мамандығы бойынша ЖШС «Caspian Conctractors Trust» базасына кестеге сәйкес қыркүйек айының 17-18 күндері №1 және №30 топ студенттері барған болатын. Бұл мекеменің базасымен, сонымен қатар дәнекерлеу аппараттарының түрлерімен өндіріс басшысы Ахмедьяров Талғат Марксович таныстырып, мамандықтың қазіргі заманда орны ерекше екендігін, сонымен қатар еңбекақылары жоғары екенін айтып, студенттердің қызығушылығын арттырып қана қоймай сол мамандықты толықтай игеруіне тілектес екендігін айта кетті.
Қыркүйектің 18-19 күндері №6, №31 «Кең көлемді құрылыс шебері» және №17 «Техник құрылысшы» мамандықтары бойынша «А-Курман Құрылыс Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан құрылыс обьектісіне барды. Обьектімен таныспас бұрын құрылыс басында сақ болып жүруді, қауіпті және тыйым салынатын белгілермен техника қауіпсіздігінің бас инженері Журынбаев Сейтхан таныстырғаннан соң, жаңадан салынып жатқан 9 қабатты үйдің құрылысымен мекеменің участок басшысы Пусырманов Маулен Болатжанович үйдің іргетасынан бастап шатырына дейін қандай материалдар пайдаланғанын, технологиялық процесін студенттерге түсіндіріп айта отырып, құрылысшы мамандығы еліміздің гүлденіп, өркендеуінде алатын маңызы зор мәртебелі мамандық екенін баса айтты.
Осы қыркүйек айының 19, 20, 21, 25 күндері №2, 29 «Тарату құрылғылары бойынша электрқұрастырушы», №4 «Электромонтер», №7 «Техник электрик» және №22 «Техник-жылу технигі» мамандықтарының студенттері қаламыздағы ең ірі мекемелердің бірі «Атырау жылу электро орталығы» акционерлік қоғамының базасына саяхат барған болатын. Топсеруенді бас инженер Рамазанов Борис Юнусович өзі жүргізіп, әр тетіктің атқарып отырған қызметін және оның маңыздылығын айта отырып, таңдаған мамандықтарының әр үйге жылу мен жарық сыйлайтын, әр уақытта сұранысқа ие мамандық екенін айта кетті.
Осылайша, мекемелерге тұңғыш саяхаттап келген студенттер ерекше әсер алып, білімге деген құлшыныстары арта түсті деген ойдамыз.