Болашақ мамандарды даярлауда оқу процесін өндіріспен байланыстыру – басты мәселе

Атырау энергетика және құрылыс колледжінде  соңғы үш жылдың ішінде заман талабы мен еңбек нарығындағы сұранысқа сай жаңа мамандықтар ашылды.

Атап айтқанда: «Металлпластик өнімдерін жасау және құрастыру» және «Желдету жүйелерін құрастырушы: ауаны кондиционерлеу, пневмокөлікті, аспирациялау».  Болашақ мамандарды даярлауда оқу процесін өндіріспен байланыстыру – басты мәселе. Өйткені, оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындардағы байланыссыз білікті маман дайындау мүмкін емес. Болашақ мамандардың кәсіптік жарамдылығы өндірістік оқытуда және кәсіптік тәжірибе  барысында байқалады.

 «Альянс СК»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Металлпластик өнімдерін жасау және құрастыру» мамандығы бойынша кәсіптік тәжірибе өтіп жатқан студенттеріміздің тәжірибе барысын бақылауда және мекемелердің материалды-техникалық базасымен танысу мақсатында өндірістік оқу ісі бойынша директордың орынбасары Сапаргалиева Кунжамал Ибатқызы бір топ әріптестерімен бірге 2019 жылдың 9 желтоқсан күні барған болатын. Мекеме қызметкерлері студенттеріміздің өз мамандықтары бойынша терең мағлұмат беріп қана қоймай, замануи құрылғылармен жұмыс жасауына, маман болып қалыптасуына  ықпал жасап отырғанына алғысын білдіре отырып, мекеменің өсуіне, көркейуіне тілектестігін білдірді.


Жарияланды: 11.12.201907:13

Автор: