BUILDERS FORUM-2024: Жаңа ынтымақтастыққа қол жеткізілді!
“BUILDERS FORUM-2024: Құрылыс саласын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары” форумы аясында Атырау энергетика және құрылыс колледжі мен «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Бұл меморандум екі колледждің бірлесіп жұмыс істеуіне, білім беру сапасын арттыруға және болашақ мамандарды даярлауда заманауи технологияларды қолдануға бағытталған маңызды келісім болып табылады.
Ынтымақтастық аясында:
Білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
Тәжірибе алмасу;
Жаңа технологияларды меңгеруге жағдай жасау;
Студенттерді нарық талаптарына сай дайындау жоспарланған.
Бұл серіктестік жас мамандардың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, құрылыс саласындағы білім беру сапасын жаңа деңгейге көтереді.