Дәстүрлі ағаш отырғызу акциясы

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі.

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткізілген акцияға Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері мен оқытушылары дәстүрлі Қайырымдылық ағаш отырғызу акциясы қатынасты.

Акцияның басты мақсаты – студенттерді жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекке баулуға, туған жерді қастерлеуді үйрету, қала аумағын көркейту-көгалдандыруға тәрбиелеу.

Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы студенттер табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыластарын оятып, бар күш-жігерлерімен 40 түп емен ағашын отырғызып, игі іс жасады.

 


Жарияланды: 21.04.202209:56

Автор: