«Дені саудың, жаны сау!»
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің базасында 1 қалалық емxана дәрігерлері менингококк инфекциясына қатысты мәлімет беру мақсатында студенттермен кездесу кешін ұйымдастырды.
Сондай-ақ, дәрігер қазақстандықтарға антиботиктер қабылдамауға, екпе салдыруға асықпауға, алайда бетперде тағып жүруге кеңес берді. Дәрігердің сөзінше, соңғы уақытта оған менингит туралы түрлі сауалдарды жолдайтындар қатары артқан.
Қазіргі уақытта елімізде аталған аура белең алып тұрғанымен, дәрігер оның биологиялық қару еместігін айтуда.
«Менингококк сыртқы ортаға төзімсіз. Ол адам ағзасында ғана өмір сүре алады. Ал сыртқа ортада жылдам өліп қалады. Сондықтан ол ешқашан биологиялық қару ретінде қолданылған емес және қолданылмайды. Осы себепті елімізде тараған менингококк инфекциясын биологиялық қару деп ойлағандар қателеседі», – деп айтып өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
Орынбаева Заура
Берікқалиқызы