«Діни экстремизмге қарсы» атты акцияға қатысу
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің белсенді жастары «Діни экстремизмге қарсы» атты осындай атаумен оқу орындары студенттері арасында ақция өткізілді. Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде қолға алынды. Салауатты өмір салтын қалыптастыратын акцияны Атырау қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Қоғамдық белсенділікті дамытып, жастар арасында патриотизмді кеңінен насихаттау – рухани астана билігі үшін жарқын бастама. Бұл күні қалалық ақсақалдар алқасының мүшелері, қазыналы қариялар өздерінің ұлағатты, тәлімді-тәрбиелі әңгімелерін жастарға айтып, игі бастамаға қолдау көрсетті. «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» деп ұрандатқан кейінгі буын болса, нашақорлық пен діни экстремизмге қарсы екендерін дәлелдей түсті. Соңы жастардың флешмобына ұласты.