Дуалдық оқытуды ұйымдастыру
Дуалдық оқытуды ұйымдастыру
2021 жылдың 10 наурыз күні Атырау облысы техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының Директорлар кеңесінің кезекті отырысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Атырау облысындағы өкілі А. Имановтың қатысуымен ең өзекті мәселе – оқу орындарында жұмыс берушілердің белсенді қатысуымен білім алушылардың дуалдық оқытуды ұйымдастыру мәселесіне арналды. Бұл бағытта облыстағы ең жоғары көрсеткіштерімен мол тәжірибе жинаған энергетика және құрылыс және сервис колледжілерінің жұмыс берушілермен дуалдық оқытуды ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісті. Дуалдық оқытуды ұйымдастыруда әрине карантиннің шектеу шаралары үлкен кедергі жасады, дегенменде оқу орындары бар күшімен білім алушылардың мамандықтарына сәйкес практикалық дағдыларды үйренуін ұйымдастыруда. Облысымызда дуалдық оқытуды дамытуда жергілікті оқу орындарымен бірге өндіріс мекемелерін жұмылдыруға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасыда атсалысса екен деген тұжырымдама жасалды.