«Еңбек нарығында озық және сұранысқа ие мамандықтардың бірі» Апталық аясында өндірістік оқыту сабағы «Сатылы потенциометр сызбасы»

2024 жылдың ақпан  айының 5 – 12 аралығында «Еңбек нарығында озық және сұранысқа ие мамандықтардың бірі» атты электрмен қамтамасыз ету және бағдарламамалық қамтамасыз ету  бөлімінің апталығының жоспарына сай     8 ақпан күні апталық аясында  өндірістік оқыту сабағы «Сатылы потенциометр сызбасы» тақырыбы бойынша 2 курс 17 топ Техник электрик мамандығының  студенттерімен өндірістік оқыту шебері Кулин Р.И. өткізді.

Сабақтың мақсаты:Электроқауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.Студенттердің пәнге деген қызығушылығын артыра отырып әр түрлі қауіпті жағдай болған кезде, қобалжымай жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсете білу.Электр қауіпсіздік техникасы мен жабдықтары туралы білімдерін кеңейту, жеке шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақ әдістеме жағынан дұрыс құрылған, сабақтың әрбір кезеңі ойластырылған. Сабақта топпен жұмыс, интерактивті тақтаның беретін мүмкіндіктерін кеңінен қолданды.

 

 


Жарияланды: 19.02.202409:15

Автор: