“Электргазымен дәнекерлеу”

6 маусымда колледжіміздің оқу шеберханасы, “Электргазымен дәнекерлеу” цехында дуалды оқитын, 30 студенттері “Дәнекерлеу ісі” құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан тапсырды.

Өндірістік оқыту шебері: Мусалимов Н.Е.

Емтихан барысынАтырау облысы Білім беру басқармасының Көпшілікпен байланыс, кәсіптік білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, мониторинг және білім беру сапасын талдау бөлімінің басшысы-Тлепбергенова Раушан Аманғалиқызы бақылап, серіктес кәсіпорын эксперттерімен пікір алмасты.

Демонстрациялық емтиханның тапсырмалары «WorldSkills» байқауының талаптары негізінде жасалынды.

Практикалық тапсырмалардың белгіленген уақытта орындалуын және орындау сапасын колледждердің әлеуметтік серіктес-кәсіпорындарының бас мамандарынан құралған арнайы комиссия өкілдері тексеріп бағалады.

 


Жарияланды: 10.08.202415:02

Автор: