“Электрмен қамтамасыз ету”

6 маусымда колледжіміздің оқу шеберханасы, “Электрмен қамтамасыз ету” цехында 3-курс, 4-топ студенттері “Электрмонтаждаушы” құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан тапсырды.

Өндірістік оқыту шебері; Идаев А.М.

Демонстрациялық емтихан-білім алушыға игерілген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін қорытынды аттестаттау. Демонстрациялық емтихан тәжірибе жүзінде өтеді. Тәжірибелік емтиханның тапсырмалары «WorldSkills» байқауының талаптары негізінде жасалынды. Емтихан төреағасы “Тиберти-электрик”мекемесінің техникалық директоры Аблаев Айдар Сейтович қатысты.

Практикалық тапсырмалардың белгіленген уақытта орындалуын және орындау сапасын колледждердің әлеуметтік серіктес-кәсіпорындарының бас мамандарынан құралған арнайы комиссия өкілдері тексеріп бағалады.


Жарияланды: 10.08.202414:58

Автор: