«Электрмен қамтамасыз ету» бөлімнің «Мамандығым-мақтанышым» атты апталығы
«Электрмен қамтамасыз ету» бөлімінде 2018 жылдың 19-26 желтоқсан аралығында «Мамандығым-Мақтанышым» атты апталық өтті.
Мақсаты:
– Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді еңгізу арқылы еңбек нарығында жұмыс берушілердің сұранысына ие cапалы мамандар дайындау.
– Инженер педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру;
-Студенттердің пәнге қызығушылығын және мамандығына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
Апталық барысында бөлім оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері өз пәндері бойынша 4 ашық сабақ өткізілді. Барлық өткізілген ашық сабақтар, сайыс, жоба қорғау, ғылыми техникалық конференциялар жаңа инновациялық технология элементтерін пайдаланып оқытушының шеберлігі мен іскерлігін және кәсіби құзыреттілігін шыңдауға бағытталды.
Апталық уақытында студенттер арасында ынтымақтастық атмосферасы бұрынғысынан да тереңдеп, бір-біріне деген мейірімділік, қайырымдылық сезімдері одан әрі жанданып, диалогтік қарым-қатынасы артты. Көп сөйлемейтін тұйық студенттер, тасада қалып қоятын студент болмай барлығы да жұмыс жасап ынтымақтастық атмосферада қалыптасты.
Жоспарланған ашық сабақтар, сайыстар, ғылыми-техникалық жобалар, конференциялар студенттердің арасында қызығушылық тудырған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап іздеуде олардың ізденімпаздығы, шығармашылығы, сөйлеу және ойлау қабілетін дамытуға оң әсер етті.
Сабақ кезінде қолданылған деңгейлеп оқыту, сын тұрғысынан ойлау, рольдік ойындар студенттердің нақты ғылымдарға деген сүйіспеншілігін арттырып, болашақ мамандығына кәсіби бейімдеді. Шығармашылық бағытта студенттер сөзжұмбақ, ребустар, крассвордтар шешті.
Қорытынды кеште өткізілген «Мамандығым-мақтанышым» атты апталық жоспарға сай тартымды әрі қызықты өтті. Апталыққа белсене қатысқан студенттер колледжішілік диплом және алғыс хаттармен марапатталды. Әрбір пән оқытушысы басты міндеті студенттің маман ретінде қажетті қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақтарда қолданылған әдіс- тәсілдердің тиімді екендігіне көзіміз жетті.